ЖаңалықтарМузыкаПродюсерШоу бизнесӘнші
«Жыл таңдауы-2019» музыкалық ұлттық жүлдесінде Raim & Artur топ жарды
Аталмыш шарада «Ирина Кайратовна» ұжымы үш мүсіншені, Ninety One мен Ерке Есмахан екі бірдей марапатты қанжығасына байлаған еді. Бұл тізімді Raim & Artur толықтырды, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
«Жыл таңдауы-2019» жүлдесінде бірнеше мүсіншені еншілеген өнерпаздар қатарында Raim & Artur да бар. Оралдық екі достың «Сәукеле», «Симпа» атты тректері үздік әндердің ішінде дара шыққан.
Айта кетейік, «Жыл таңдауы-2019» жүлдесінде барлығы 34 мүсінше үздіктерге табысталды. Төртінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды жоба биыл жастар жылының аясында өтті.